Коронавирустың екі жаңа дерегі туралы

Коронавирустың екі жаңа дерегі туралы
ашық дереккөз
Коронавирустың екі жаңа дерегі туралы
25 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустың екі жаңа оқиғасы тіркелді. Бірінші науқас – Тараз қаласының 1958 жылы туған тұрғыны. Бір күн бұрын ол дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақтың ауыруына қатысты медициналық мекемеге шағымдандған болатын. ПТР-зерттеу нәтижелері бойынша оған COVID-2019 диагнозы қойылды. 8 байланыста болған тұлға анықталып, карантинге орналастырылды. Сондай-ақ Қордай ауданында инфекцияның жаңа жағдайы анықталды. Науқас 1985 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып табылады, жүргізуші болып жұмыс істейді. Алгоритмге сәйкес, "Қарасу" өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тексеру үшін талдау алынып, оң нәтиже көрсеткен. Эпидемиологиялық тексеру барысында науқас соңғы 14 күн ішінде Өзбекстан, Ресей және Қырғыз Республикасы елдерінде болған. Қазіргі таңда екі науқас та инфекциялық стационарға ауыстырылды. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. 25 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 103 жағдайы тіркелген, оның ішінде Тараз қаласында - 49 жағдай, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 4, Қордай ауданында - 34, Меркі ауданында - 2, Мойынқұм және Шу ауданында – біреуден. Сондай – ақ, Дели - Тараз рейсі жолаушыларынан алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген қызметкерлер арасында екі оқиға анықталған. Барлық тіркелген жағдайлардың ішінен 42 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.

zhambyl.gov.kz

Ұқсас жаңалықтар