Бірде біздің үйге көкшетаулық суырыпсалма ақын Баянғали Әлімжановты ертіп курстас досым, жазушы Мұса Рахманбердиев келе қалды. Күніге көре бермейтін құрметті қонақтар ғой деп, мәре-сәре болып қалдық. Қой сойылып, ет асылып, жігіттер «ақаңнан» ащылап, әбден біраз жерге барды. Ертеңіне тағы сол дастархан басында отырғанбыз. Бір кезде Баянғали төрде ілулі тұрған тұскиіздегі орыстың Илья Муромец, Иван Калита және Добрынычы мінген аттардың тұяғын сұқ саусағымен көрсетіп тұрып: – Мыналарың домашни тәпішке киіп алғаннан сау ма?–демесі бар ма әлі де масаңдау күйде. Сонда Мұсекең: – Байеке, кешелі бергі айтқандарыңның ішіндегі дені сау сөзің осы болды. Сонда біз түнімен осылармен бірге «ішкенбіз бе?» деген еді.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол». Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




