Бірде құландық Жантақбайдың мәшинесімен көршісі Аманкелді Тараз қаласына келеді. Жолаушылар шаруаларын бітіріп, ауылдарына атбасын бұрады. «Нұралы» базарының тұсындағы жаяу жүргіншілер өтетін тұсқа келгенде аялдап, содан соң жүруі керек еді. Бірақ, олар өтпеді. Сол жерде тұрған мемлекеттік автоинспектор бұларды дереу тоқтатады. Мәшинеден жүргізушімен бірге Әбекең де түседі де әлгі инспектордың жанына келіп тұра қалады. Инспектор Жәкеңе: – Сіз неге жаяу жүргіншілерді өткізбей жүріп кеттіңіз?– дейді. Сонда Әбекең одан бұрын жауап беріп: – Қарағым ГАИ... өтейін деп өткен жоқпыз, жаңағы «пешеход» дедіңіз бе, сол жерде өңкей «пешеход-келіндеріміз» тұр екен: «Ата, өте беріңіздер» деп қиылып тұрып алған соң, қайтеміз. Өтіп кеттік, – депті. Ақсақалдың сөзіне риза болған инспектор: – «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген, тауып кеттіңіз. Жүре беріңіздер», – деп ішек-сілесі қатқанша күліп, құландық екі жолаушыны да жолға салып жіберген екен.
Сейсен Қожеке, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




