Карантин кезінде түрмеден босап шыққандар үйлеріне дейін жеткізілуде

Карантин кезінде түрмеден босап шыққандар үйлеріне дейін жеткізілуде
ашық дереккөз
Карантин кезінде түрмеден босап шыққандар үйлеріне дейін жеткізілуде

Карантин кезінде түрмеден босап шыққандар үйлеріне дейін жеткізілуде by

Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, барлық жол қозғалысы тоқтатылғандықтан, көршілес облыстардағы түзету мекемелерінен босап шыққан сотталғандарды өңірлік пробация қызметкерлері облыс шекарасындағы блок-бекеттерден күтіп алып, үйлеріне дейін шығарып салуда. Мәселен, карантин уақытында Қостанай облысы Арқалық қаласындағы КА-161/12 түзеу мекемесінен босатылған Нұрбол Әмірқұловты Қарағанды облысының шекарасынан күтіп алып, үйіне жеткізген. - Қостанай облысы Арқалық қаласындағы түзеу мекемесінен босап шықтым. Пробация қызметінің қызметкерлерінің көмегімен Тараз қаласына жеттім. ҚАЖ комитетіне және өңірдегі ҚАЖ департаментіне алғысымды білдіремін, - дейді Н.Әмірқұлов. Ал Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 түзету мекемесінен босап шыққан алматылық азаматтың үйіне жетуіне Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысының пробация қызметкерлері жәрдемдескен. - Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 түзету мекемесінде жазамды өтеп, бостандыққа шықтым. Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысының пробация қызметінің қызметкерлері күтіп алды. Қазіргі таңда Алматы қаласына бара жатырмын. Жақын арада отбасыммен қауышамын деп үміттенемін, - дейді Алексей Тарасюк. Жалпы, карантин уақыты басталғалы өңірлік пробация қызметкерлері көршілес облыстардағы түзету мекемелерінен босаған 20-дан астам азаматты өңірдегі блок-бекеттерден күтіп алып, үйлеріне жеткізген. Тағы да 10-ға жуығын пробация қызметкерлері осы айдың аяғына дейін өңірдің шекараларындағы бекеттерден күтіп алып, шығарып салмақшы. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар