Биыл Мақтааралда 38 мың гектар жерге мақта егіледі

Биыл Мақтааралда 38 мың гектар жерге мақта егіледі
ашық дереккөз
Биыл Мақтааралда 38 мың гектар жерге мақта егіледі
Былтыр 99,5 мың тонна «ақ ұлпа» қамбаға жиналды Cәуір айының ортасынан бастап Мақтаарал ауданында ауа-райы күрт жылынып, шаруалар мақта егу науқанына жаппай кірісіп кетті Биыл мақтааралдық шаруалар 38 мың гектар жерге ақ алтын шитін себеді деп күтіледі. Ол үшін 825 тонна тұқымдық шит дайындалып, сортына қарай 230-300 теңге аралығында саудалануда. Ауданның шаруашылықтары мақтаның отандық жоғары сапалы тұқымымен 98 пайыз қаматамасыз етілген.
«Мақта егу кезінде топырақтың құнарлығына байланысты түп санның жиілігі жеке-жеке белгіленуі тиіс. Топырағы жеңіл, құнарлығы төмен жерлерде қозаның жиілігі әр гектарына 130-150 мың түп аралығында, ал топырағы ауыр, құнарлығы күшті, жер асты суы деңгейі жоғары егіс алқаптарында әр гектарына 120-130 мың түп орналасуы қажет. Жүйектердің қатар аралығы 90 сантиметр деп есептегенде, әр метрге бірінші жағдайда 15-17, ал екенші жағдайда 13-15 тұқымдық шит себілуі тиіс» - дейді шаруаларға кеңесін берген «Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик Ибадулла Үмбетаев.
Сондай-ақ, жылдың басынан бері 4250 гектар жерге бақша, 1620 гектар жоңышқа, 395,5 гектар көкөніс, 55 гектар бидай, 50 гектар күнбағыс егіліп, шаруалар көкөніс өнімдерін экспортқа шығаруда. Былтыр ауданда 38 мыңнан аса гектар жерге мақта дақылы егіліп, 99,5 мың тонна «ақ ұлпа» қамбаға жиналды. Орташа өнімділік гектарына 26,1 центнерге жетіп, мақташылар жылды толағай табыспен аяқтаған болатын.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар