Жамбыл облысында 6 адам коронавирусты жаназаға барғанда жұқтырған

Жамбыл облысында 6 адам коронавирусты жаназаға барғанда жұқтырған
ашық дереккөз
Жамбыл облысында 6 адам коронавирусты жаназаға барғанда жұқтырған
Облыста тағы жеті адам қауіпті инфекциядан емделіп шықты 22 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекциядан тағы жеті адам емделіп шықты. Аурудан айыққандардың бірі – 1992 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 19 наурыз күні Тараз қаласына келіп, 5 сәуірде кеуде тұсының ауыруына, мұрынның бітелуіне және көздің қызаруына қатысты шағыммен карантиндік стационарға жатқызылған. Одан COVID-19-ға алынған талдаулар сырқат екенін көрсеткен.
«Қалған алты ем алушының барлығы 19 бен 62 жас аралығындағы тұрғындар. Үшеуі - ер, үшеуі әйел адам. Олар коронавирустық инфекцияны Қордай ауданында жерлеу рәсімі кезінде жұқтырған. Барлығы осы ауданның тұрғындары. Бір науқас әйелден жұқтырып, 6 сәуірде ауруханаға жатқызылған», - делінген хабарламада.
Дерттен айыққан жеті тұрғын да екі апта бойы инфекциялық стационарда болып, емдеу шараларын ойдағыдай өткізген. Алгоритмге сәйкес, олардан КВИ-ға алынған екі реттік зертханалық талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Алдағы екі апта бойы енді олар үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарда 41 науқас ем алуда. Жағдайлары тұрақты. Жалпы аймақта коронавирустан 31 адам емделді.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар