Әлем әлі де індеттің алғашқы сатысында тұр – ДДСҰ басшысы

Әлем әлі де індеттің алғашқы сатысында тұр – ДДСҰ басшысы
ашық дереккөз
Әлем әлі де індеттің алғашқы сатысында тұр – ДДСҰ басшысы
Вирустың Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада таралу қарқыны байқалады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы елдердің көпшілігі әлі де коронавирус індетінің алғашқы сатысында тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус өзінің микроблогында Батыс Еуропа елдерінде індеттің таралуы бәсеңдеп немесе тұрақтанғанын жазды. Алайда, Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Шығыс Еуропада қауіпті таралу қарқыны байқалады. Ол карантин мен әлеуметтік қашықтықты сақтау шаралары вирустың таралуын тежеуге көмектесті деп есептейді.
«Дегенмен, ол аса қауіпті вирус болып қала бермек. Қолда бар деректер дүниежүзі халқының басым бөлігі сезімтал болып қалатынын көрсетіп отыр. Бұл ‒ вирус қайта таралуы мүмкін дегенді білдіреді», — деді Тедрос Гебреисус.
22 сәуірдегі деректер бойынша, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 2,6 млн-нан асты, олардың 180,78 мыңы көз жұмып, 701,4 мыңы вирусты жеңіп, сауығып шыққан.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар