Алматыдағы «ҚазАқпарат» баспа корпорациясынан «Шыңғысханнан Шахановқа дейін» деп аталатын кітап жарық көрді. Ол «Мәдениет» арнасындағы ұлт тарихына, халық тағдырына, ақын-жазушылар шығармаларының әлеуметтік жүгі мен шеберлігіне байланысты тұрақты хабар жүргізген жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің сұхбаттарынан тұрады. Мысалы, «Шығарма аты – «Бесатар», авторы Асқар Сүлейменов», «Жармақ» жан айқай ма, әлде...», «Меннің» бәрі мемуар емес», «Қазақтың жаны» қандай кітап?» «Қылмыс» елге қалай жетті?», «Олжас қандай ақын, «АЗиЯ» нендей кітап?», «Мүсірепов Кенесарыны неге ұнатпады, Ұлпанды қалай асқақтатты?» дегеннен бастап «Империяның заманы өткенмен, «Үркердің» заманы өткен жоқ» деген сияқты тағы басқа да көптеген толғаныстар әрбір оқырманның көзқуанышына айналары сөсіз. Сондай-ақ, осы кітапқа халық мақтаныштарының бірі, белгілі жазушы Шерхан Мұртаза туралы «Сыр мен Шер» атты сұхбат та енген. Жүсіпбек бұл сұхбатында Шерағаңдай қайсар қаламгер шеберлігі жайлы белгілі әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдеке мен жазушы Көсемәлі Сәттібайұлымен сыр бөлісіп, шер тарқатысады. Кітап ел Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрген.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді