Экономика
Биыл елімізде тұрғын үй сатып алу қарқыны былтырғыға қарағанда 14,7 пайызға төмендеген
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 711
Биыл елімізде тұрғын үй сатып алу қарқыны былтырғыға қарағанда 14,7 пайызға төмендеген
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне қарағанда, 2014 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 100 986 құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға аз. Сонымен қатар, комитеттің таратқан ақпаратына сәйкес, 2014 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 14 793 құрады. Аталған көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 0,5 пайызға азайған.
Жалпы, тамыз айында тұрғын үйлерді сатып алу-сату мәмілелері ең көп Алматы қаласында (1 684) тіркелген. Бұдан кейінгі орында Қарағанды облысында - 1 657, сосын Шығыс Қазақстан облысында - 1 620 мәмілелер жасалған. Тамыз айында тұрғын үй сатылымының ең аз көрсеткіші Атырау облысына тиесілі, есепті кезеңде аталған өңірде жасалған мәмілелер 286-ны құрап отыр. Ал Астана қаласындағы баспана сатылымына қатысты жасалған мәмілелер тамыз айында 856-ға жеткен.
Ақпарат көзі http://kazinform.kz/
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




