- Advertisement -

Криштиану Роналду миллиардерлік межеге жетті

24

- Advertisement -

Италияның Ювентус клубының шабуылшысы, Португалия құрамасының белді футболшысы Криштиану Роналду әлем аяқдопшылары арасынан шыққан үшінші миллиардер болатын мүмкіндікке қол жеткізді, дейді FORBES.COM  сайты.

Расында 35 жасар бұл жігіт жыл аяғына таман өзінен бұрын шыққан  миллиардер футболшылар Тайгер Вудс мен Флойд Мейвезер сияқты аяқдоп тарихыны тіркелері анық.

Басқасын айтпағанда, оның инстаграм, твиттер, фейзбук желісіне бір парақ пост жариялау 975 мың АҚШ доллары тұрады екен. Өткен жылы осы желілер футболшыға 109 миллион доллар табыс әкелеген. Оның сыртында Ювентус клубы оған 65 миллион доллар төлесе, тек жарнамадан 44 миллион доллар табыс тапқан.

Сонымен қатар, Форбс журналының мәліметіне қарағанда аяқдопшы әлемге аты әйгілі Nike, Tag Heuer, Herbalife, EA sports қатарлы компанияларға қосқан үлесінен басқа, іш киім, етік, иіссу өндіретін өзінің CR 7 компаниясы жылына 45 миллион доллар пайда әкеледі екен.

К.Роналду қайырымдылықтан да қол тартпайтын көрінеді. Жоғарыдағы байлардың нәпақасын есептейтін басылымының айтуына қарағанда футболшы айлық табысының  30 пайызын коронавируспен күреске (20 млн доллар) бағыштапты.

Криштиану Роналду 2018 жылы Ювентус клубымен 340 миллион долларға төрт жылға келісімшарт жасасқан болатын. Осы оқиғадан кейін клубтың ресми инстграм желісін қолданушылар 40 пайызға артса, клуб формасы және оған қатысты ұсақ-түйек сауда заттарынан түсетін табыс 58 пайыз өскен екен.

 

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support