- Advertisement -

Жамбылда блок-бекеттен өтпек болған жолаушыдан есірткі табылды

43

- Advertisement -

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, облыстың Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылының маңында полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен 35 жастағы ер адамды ұстаған. Қолға түскен көлік жүргізушісі блок-бекеттен есірткі алып өтпек болған.

«Аталған ауыл маңындағы блок-бекетте облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Ауди-100» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру барысында жүргізуші күртесінің ішкі қалтасынан есірткі затын тапты», делінген департамент хабарламасында.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екендігі белгілі болған. Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындағанын, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы, 2-бөлігі бойінша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 

Жамбыл облысы

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support