- Advertisement -

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 60-қа жетті

21

- Advertisement -

Бүгінде коронавирус індетін жұқтыру дерегі Жамбыл облысында да өршіп тұр. Соңғы екі тәулік (17-18 сәуір) ішінде 5 жағдай тіркелген. 1 оқиға 17 сәуір күні, 4 жағдай 18 сәуір күні анықталған болатын. Оның ішінде 2 науқас Қордай ауданында, 2 науқас Тараз қаласында және 1 науқас Жамбыл ауданында тіркелген.

Бүгін 19 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 2 жаңа жағдайы тіркелді. Науқастардың бірі Қордай ауданында анықталған. Жүргізуші болып жұмыс істейтін Павлодар тұрғыны Қырғызстаннан Алматыға бара жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде, яғни «Қарасу» бекетінде аталған азаматтан қан талдауы алынып, ол коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен. Екінші оқиға Тараз қаласында анықталды. Қала тұрғыны бүгінде ЖРВИ диагнозымен провизорлық стационарға жатқызылып, зерттеу нәтижесі инфекцияның бар екенін анықтаған.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, науқастар бүгінде инфекциялық стационарға орналастырылған. Олармен байланыста болған тұлғалардың ауру жұқтыру қаупін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Бүгінде өңірде барлығы 60 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде Тараз қаласында 10, Байзақ ауданында 3, Жамбыл ауданында 4, Қордай ауданында 33, Меркі ауданында 2, Мойынқұм және Шу ауданында біреуден анықталған. Ал, Үндістаннан келген «Дели-Тараз» рейсінің жолаушылары арасында 6 оқиға орын алған. Сонымен қатар, бүгінгі, яғни 19 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде 6 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауымен үй карантиніне алынды.

 

Жамбыл облысы

egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support