Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды

Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы анықталды
🔻Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа дерегі тіркелді, оның 2-і Қордай ауданында, 2-і Тараз қаласында және 1-і Жамбыл ауданында. ⠀ 🔻Жұма, 17 сәуір күні Қордай ауданында коронавирустың кезекті жағдайы анықталды. Науқас – Қырғыз Республикасының азаматы, жүргізуші. Алматы қаласына жүк артуға келе жатқан. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде "Қарасу" өту пунктінде одан ПТР-ға алынған талдау оң нәтиже көрсетті. Науқас арнайы көлікпен Бішкек қаласына жіберілді. ⠀ 🔻Қалған төрт жағдай 18 сәуір күні анықталған. Екі науқас – Қордай және Жамбыл аудандарының тұрғындары. Оның бірі – науқаспен жақын байланыста болған тұлға ретінде Тараз қаласында карантиндік стационарда жатқан 2002 жылы туған қыз бала. Карантиндік стационарға жатқызған күнгі зертханалық талдауы – теріс нәтиже көрсеткенімен, қайталап алынған талдау қорытындысы оң нәтиже көрсетті. ⠀ 🔻Екіншісі 1991 жылы туған Жамбыл ауданының тұрғыны. Ол байланыста болған тұлға ретінде үй карантиніне оқшауланып, ПТР-ге алынған талдау оң нәтиже көрсеткен. Бұдан бөлек екі науқас – Тараз қаласының тұрғындары. 1970 жылы туған әйел дене қызуының жоғарылауына байланысты денсаулық жағдайы бойынша демалыста болған. Алынған талдау қорытындысы коронавирустық инфекцияның бар екенін анықтаған. ⠀ 🔻Сондай-ақ, Тараз қаласынан тіркелген екінші науқас –1987 жылы туған әйел. Жүктілігінің 20-аптасын өткізіп жатқан ол жоғары дене қызуы, ентігу мен жөтелге қатысты шағымдарымен емханаға жеткізіліп, КВИ-ға тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. ⠀ 🔻Инфекция жұқтырған барлық төрт қазақстандық облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар корпусына жатқызылды. ⠀ 🔻Үй және жұмыс орындары бойынша ошақтарда эпидемияға қарсы өңдеу іс-шаралары жүргізілді. Эпидемиологиялық тексеріс барысында байланыста болған 35 адам анықталды.

zhambyl.gov.kz

Ұқсас жаңалықтар