Қазақстанда коронавирустан 14 адам қайтыс болды – Біртанов

Қазақстанда коронавирустан 14 адам қайтыс болды – Біртанов
ашық дереккөз
Қазақстанда коронавирустан 14 адам қайтыс болды – Біртанов
Өткен тәулікте елорда мен Шымкентте 2 адам көз жұмды Қазақстанда COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 14 адамға жетті, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында.
«Қазақстанда жалпы саны 14 адам қайтыс болды, өткен тәулікте екі науқас көз жұмды», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Белгілі болғандай, соңғы екі жағдай Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында тіркелген екен. Бұл туралы ақпарат coronavirus2020.kz сайтында кейінірек пайда болды. Айта кетейік, 13 сәуірде Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 140 адам тіркелді. Олардың 106-сы Алматыда. Қарағанды облысында – 12, елордада 9 адам вирус жұқтырған.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар