- Advertisement -

Таразда тағы бір подъезд карантинге жабылды

38

- Advertisement -

Таразда «Аса» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Онда кеше 1975 жылы туған тұрғыннан коронавирус инфекциясы анықталған болатын. Қазір әйел инфекциялық стационарға жатқызылып, қажетті ем-дом шараларын алуда.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастың Нұр-Сұлтан қаласынан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Онымен жақын қарым-қатынаста болған үш адам карантинге орналастырылды.

Подъезде және тұрғылықты жері бойынша дезинфекциялық өңдеулер жүргізілді. Аталған подъездің пәтерлерінде тұратын 31 тұрғын 14 күнге оқшауланды. Оларға өз пәтерінен шығуға тыйым салынды. Сондай-ақ, ондағы жұмыс істейтін үш тұрғынға уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы анықтама берілді. Олармен өзін-өзі оқшаулаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Подъезд маңында полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.

Тараз қаласының әкімдігі аталған үйдің карантиндегі тұрғындарын қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support