«Шетелден келген қазақтар қиындық туғызды» - карантин орталығында жұмыс істеген ерікті

«Шетелден келген қазақтар қиындық туғызды» - карантин орталығында жұмыс істеген ерікті
ашық дереккөз
«Шетелден келген қазақтар қиындық туғызды» - карантин орталығында жұмыс істеген ерікті
23 жастағы волонтердың көргені Azattyq Ruhy тілшісі Нұр-Сұлтандағы «Ramada Plaza» қонақүйінде карантинде уақытша жатқандармен жұмыс істейтін волонтермен сұхбаттасты. Ақ комбинезон, қалың маска, медициналық қолғап пен антисептік. 23 жастағы астаналық ерікті Сейілхан Мұсабаевтың күнделікті киім-кешегіне айналған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің 4 курс студенті пандемия кезінде «ерке» баладан қалай еріктіге айналғанын айтып берді.  /> <blockquote>«Ағам дәрігер. 20 наурызда «Карантин орталықтары ашылады. Волонтер керек»,- деген смс келді. Ол өзі жұмыста болғандықтан бара алмады. Мен оған барғым келетінін айттым. Басында үйдегілер рұқсат бермеді. Бірақ, елдегі жағдайды көріп отырғандықтан көмек керектігін түсінген соң, келісті. Хабарламада көрсетілген нөмір арқылы, іріктеуден өттім. Мен өзім үшін укол салуды, тамырға система қоюды үйренген едім. Іріктеу кезінде тәжірибем бары волонтер болуыма септігін тигізген болар», - дейді Сейілхан Мұсабаев.</blockquote> Сейілхан өзімен бірге волонтер болуға әпкесі мен студент досын шақырған. Олар да 20 наурыздан бастап «Ramada plaza» қонақүйіндегі карантин орталығында жұмыс істеген. <blockquote>«Біз ауысыммен жұмыс істейміз. Таңғы 7:30 да келеміз. Бізге дейінгі ауысымда болғандардан карантиндегі адамдардың жағдайы туралы есеп қабылдап аламыз. 8-де жұмыс басталады. Адамдардың дене қызуын, қан қысымын өлшейміз. 3 мезгіл тамақ береміз. Кейбір адамдарға психологиялық қолдау көрсетеміз. Сөйлесеміз»,- дейді ол.</blockquote> <img src=

Ұқсас жаңалықтар