...Жеңілдіктер мәселесі шешілді

...Жеңілдіктер мәселесі шешілді
ашық дереккөз
...Жеңілдіктер мәселесі шешілді

«Ақ жол» газетінде ағымдағы жылдың 23 тамызында жарияланған «Жеңілдігі барлар көлікте тегін жүре алмауда» атты мақалаға орай, төмендегіні хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қоғамдық көліктерде тек тегін жүру 7 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, ал, 7 жастан 15 жасқа дейінгі оқушы балаларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бүгінгі күні қаламызда қоғамдық көліктерде тегін жүруге қарастырылған жеңілдіктер қалалық тасымалдаушы мекеме басшыларының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №17 хаттамалық шешімімен беріліп отыр. Бірқатар тасымалдаушылар – «№1 Тараз автобус паркі», «ӘулиеатаТрансПасс», «Саяхат-99 және «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жоғарыда көрсетілген хаттамалық шешімде тегін тасымалдауға көрсетілген тұлғалардың ішіндегі тек 4 санатын ғана, атап айтқанда, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, I-ші топтағы мүгедектер, ІІ-ші топтағы зағип мүгедектер және Алтын алқа иеленген көпбалалы аналарды қалдырып, қалғандарын 2014 жылдың тамыз айының 1 жұлдызынан бастап тасымалдаудан бас тартуда. Осы мәселе қалалық прокуратураның қарауына берілді. Тасымалдаушы мекеме басшылары қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру тарифі көтерілетін болса немесе жергілікті бюджеттен қосымша қаражат (субсидия) қарастырылған жағдайда жеңілдіктер туралы мәселе шешіледі.

Бақытжан Жақсылықов, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар