Жігіт екі жарым айда құрбысына 22 мың смс жібергені үшін түрмеге отырды
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 937
Францияда 33 жастағы азамат 73 күннің ішінде бұрынғы қызына 21 807 рет телефон шалып, смс хабарлама жіберген.
Азамат бұрынғы құрбысын пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасап бергеніне рахмет алу үшін мазалай берген. Сол үшін жергілікті сот оған 1 300 доллар көлемінде айыппұл салып, жарты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған бұрынғы құрбысымен сөйлесуге тыйым салынды және психиатриялық емдеуден өтуге міндеттелді. 2011 жылы сотталған жігіт қызы тастап кеткеннен кейін депрессияға ұшырап, ауруханаға түскен екен. Қыз жігіттің қоңырауларын елемей қойғаннан кейін, ол ата-анасының мазасын алуға кіріскен. Осының бәрі таныстары арнайы кездесу ұйымдастырып, қыз жігітке көмегі үшін рахмет айтқаннан кейін ғана тыныпты.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




