Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісім бүгін Минскіде өтетін кездесуде күшіне енеді деп мәлімдеді.
Келісімнің күшіне енетінін Украина президенті Уэльсте өткен НАТО саммитінде айтқан. Ол «Бесінші қыркүйек, яғни бүгін шиеленісті бейбіт жолмен реттеу жоспары басталады. Бас штаб жетекшілеріне оқ атуды тоқтату туралы бұйрық беремін», – деді. Украина билігі Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескен соң осындай шешімге келген. Әңгіме барысында Владимир Путин қақтығысты бейбіт жолмен шешу туралы 7 пункттен тұратын өз жоспарын ұсынған. Ал Донецк пен Лугансктегі сепаратистердің серкелері «Интерфакс» агенттігіне «егер Украина тарапы шиеленісті реттеу жоспарына қол қойса, бүгін күндіз сағат үште оқ атуды доғаратындарын» айтқан. Осыған үміттенген тұрғындар Донецкіге қайта оралмақ ойда. Қала мен шекарада жағымды жаңалық күтіп жүздеген көлік кезекте тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




