Жеңілдік кезеңі ұзартылды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналар төлемеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмаған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы мәртебесіне қарамастан, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толықтай алады. Бұл үшін Қор ішкі резервтерден қосымша 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр.
Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы – әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған. Ал облыс бойынша тұрғындардың шамамен 85,4 проценті сақтандырылған.
Қазақстанда МӘМС жүйесі 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтерді тұтынуда өсім байқалады. Сондай-ақ оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар. Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.
Айта кетерлігі, берілген мерзімде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысқандары жөн.
Мавлюда Бокаева,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




