- Advertisement -

Зират маңында салынып жатқан аллея құрылысы тоқтады

63

- Advertisement -

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Тараз қаласын аралап, облыс орталығын абаттандыру жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Аймақ басшысы алдымен әл-Фараби және Төле би көшелерінің қиылысындағы аллея құрылысы басына барды. Жоба авторларының айтуынша, мұнда ұлы ойшылға ескерткіш орнату және қала тұрғындарының тынығуына арналған аумақты абаттандыру шаралары жоспарланған.

Алайда Тараз қаласының бір топ тұрғындары бұл құрылысқа қарсылықтарын білдіруде. Олардың бірқатары Бердібек Сапарбаевқа саябақ құрылысын басқа орынға ауыстыру туралы өтініштерін жеткізіп жүгінген болатын. Тұрғындар зираттың жанында орналасқан аумақта ескі жерлеу орындарының болуы мүмкін екендігін алға тартады.
Аймақ басшысы қала әкімі Айтқазы Қарабалаевқа тұрғындардың белсенді өкілдерімен кездесіп, бұл мәселені жан-жақты саралауды, ортақ ымыралы шешімге келуді тапсырды. Ал оған дейін мердігер компания барлық жұмыстарды тоқтата тұруы тиіс.
Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев «Қазақ еліне мың алғыс» стеласының құрылыс жұмыстарымен танысты. Биіктігі 30 метр болатын сәулет құрылысы «Арбаттың» келесі кезегінің бір бөлігі саналады. Жалпы ауданы 3,5 гектар болатын аумақта көпжылдық және сәндік ағаштар, көгал отырғызылып, жеті субұрқақ орнату, жарықтандыру, орындықтар және шағын сәулет нысандарының құрылыстары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ.
– Тиісті жұмыстардың барлығы сапалы жүргізілуі тиіс. Қала әкімі құрылыс барысын үнемі бақылап отыруы қажет. Біз Таразда қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, демалатын жасыл аймақ құруға айрықша күш жұмсауымыз керек, – деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкіміне бірқатар коммерциялық нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру, маңындағы аумақтарды жайластыру мәселелері бойынша олардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев төтенше жағдайлар департаментінің базасында орналасқан облыстық жедел штабтың жұмысын тексерді. Мұнда 3 сәуірден бастап 16 мемлекеттік органның өкілдері жұмыс істеуде. Олар облыс тұрғындарына қолданыстағы шектеу шараларымен, бизнесті және мұқтаж азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларына байланысты түрлі мәселелер бойынша кеңес берумен айналысуда. Бірінші күні call-орталыққа 145 қоңырау түскен десек, оның басым бөлігі төтенше жағдай кезінде жәрдемақы төлеу мәселелеріне қатысты болып отыр.
Облыс әкімі штаб басшылығына азаматтардың өтініштерін жедел түрде қарастырып, барлығына жауап берілу керектігін ескертіп, нақты тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support