Басты жаңалық
Еурокомиссия Ресейге қатысты жаңа санкциялар тізімін дайындады.
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 646
Еурокомиссия Ресейге қатысты жаңа санкциялар тізімін дайындады.
Ұқаралық ақпарат құралдары Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары туралы хабарлай бастады.
Санкциялардың кезекті толқыны Ресей банктері мен компанияларының еуропалық қаржы аумағына кіруін шектейтін көрінеді. Сондай-ақ, Ресейдің энергетика және қорғаныс салалары да санкцияларға ұшырамақ. Бұл туралы америкалық The Financial Times басылымы Еурокомиссияның одаққа мүше елдерге жолданған құжаттарына сілтеме жасай отырып жазады. Құжатқа сай кей тауар түрлерінің Ресейге экспорты мүлдем тоқтатылмақ. Әңгіме «арнайы материалдар, кілттердің кванттық үлестірілуі, кейбір білдектер, жоғары технологиялық компьютерлер мен электроника» жайында. Сонымен қатар, жаңа санкциялар кейбір еуропалық компанияларға, Ресей бизнесі мен энергетика, мұнай өндіру саласында қызметтесуге тыйым салады. Ресейге қатысты шектеулер бойынша соңғы шешім осы аптаның соңына дейін қабылданады деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
17 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды
- 8 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




