«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аула клубтарын ашуды тапсырды

Аула клубтарын ашуды тапсырды
ашық дереккөз
Аула клубтарын ашуды тапсырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметімен, абаттандыру жұмыстары және жекелеген білім беру нысандарының жай-күйімен танысты.

Кеңестік кезеңде химия өнеркәсібімен қатар жеңіл өнеркәсіп те жергілікті экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі болатын. Таразда аяқ киім, резеңке бұйымдарын шығару, жүн өңдеу зауыттары жұмыс істеген. Бүгінде осы бағытта Әлима Садықованың «Асыл-Ай» тігін шеберханасының жұмысы жанданып келеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аталмыш шеберханада дайындалатын мектеп формасының сапасының жоғарылығы мен құнының тиімділігін оң бағалады. ШОБ-тың кез келген субъектісі сияқты кәсіпорын айналым қаражатын толықтыру және өндірістік ғимараттардың тапшылығын бастан кешуде. Сонымен қатар А. Садықова коронавирустық инфекцияға қарсы күреске өз үлесін қосуда. Ол екі мыңнан астам маска тігіп, аз қамтылған отбасыларға таратқан. Медициналық халаттар тігу ісі де ұлғайтылған.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа аталған кәсіпорынның дамуына барынша қолдау көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағы, дәлірек айтқанда, ондағы жергілікті тоған және ойын алаңы абаттандыруды қажет етеді. Облыс әкімі қала әкімдігіне саябақта көгалдар, өрнектастар төсеу және жақын маңда орналасқан ғимаратта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін аула клубын ашу аясында жұмыстар жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ аймақ басшысы Қонаев, Жансүгіров және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы саябақты аралау барысында да осындай талаптарға назар аудартты. Жаяу жүргіншілер жолдары мен жайлы орындықтар орнату, жарықтандыру және көгалдандыру мәселелерін уақыт созбай шешу керектігін баса айтты. Аймақ басшысы атбасын бұрған келесі нысан – «Зербұлақ» көлінің маңында орналасқан №20 мектеп болды. Мектепке дейінгі шағын орталықтың жабылуына байланысты «Дара» қоғамдық қоры осы оқу орнында дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық оңалту кабинеттерін ашу туралы ұсынысын жеткізді. Оған 150-ге жуық бала барады деп көзделуде. Аймақ басшысы оқу ғимаратын жөндеу және іргедегі аумақты абаттандыру бойынша бірқатар ескертулер жасап, мектеп басшылығын мұндай жұмыстарға көмек көрсету үшін түлектерді тартуға, ата-аналар комитетінің жұмысын күшейтуге шақырды. Бұл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қолдау болатынын жоққа шығармады, алайда ол үшін тек қажетті құжаттарды әзірлеу қажет. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар