- Advertisement -

«Коронавирус, кет, кет, кет!»

35

- Advertisement -

беташар жасаған тараздық 5 тәулікке қамалды

Облыс орталығында қоғамға ортақ тәртіпке пысқырмастан үйінің алдында беташар жасаған 30 жастағы тұрғын жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды.
Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Мамытбековтің айтуынша, «Коронавирус, кет, кет, кет!» деп әндетіп, бет ашу рәсімін өткізген асабаға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Полицейлер төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеу керектігін ескертті.
Қазіргі жағдайда бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылады. Сондай-ақ аталған басқарма қызметкерлері жұмыс режімін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Елімізде аталған режім енгізілгелі бері өңір полицейлері төтенше жағдай ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде 8 адамға айыппұл салынып, 2-іне ескерту берілсе, 5 азаматқа әкімшілік жаза қолданылды.

Облыстық полиция департаментінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support