беташар жасаған тараздық 5 тәулікке қамалды
Облыс орталығында қоғамға ортақ тәртіпке пысқырмастан үйінің алдында беташар жасаған 30 жастағы тұрғын жауапкершілікке тартылды. Ол бес тәулікке қамаққа алынды. Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Мамытбековтің айтуынша, «Коронавирус, кет, кет, кет!» деп әндетіп, бет ашу рәсімін өткізген асабаға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Полицейлер төтенше жағдай кезінде мұндай шараларға жол берілмеу керектігін ескертті. Қазіргі жағдайда бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылады. Сондай-ақ аталған басқарма қызметкерлері жұмыс режімін бұзу деректерінің алдын алу мақсатында күн сайын ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар өткізеді. Елімізде аталған режім енгізілгелі бері өңір полицейлері төтенше жағдай ережелерінің талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде 8 адамға айыппұл салынып, 2-іне ескерту берілсе, 5 азаматқа әкімшілік жаза қолданылды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Доссор кентінде жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
- 12 мамыр, 2025
Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
- 8 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді