Еліміз жаһандық даму индексінде жастар саясатын іске асыру бойынша 27-інші орынды иеленіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанат Бұқанова баян етті. Ол аталған жетістіктің Мемлекет басшысының сарабдал саясатының, ел Үкіметі тарапынан атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың нәтижесінде мүмкін болғандығын жеткізді. Елбасының тікелей тапсырмасы негізінде 2013 жылы құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының айтуынша, бүгінде жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы нормативтік-құқықтық жүйе толық қамтамасыз етілген көрінеді. «Біздің басты мақсатымыз — қазақстандық жастардың жауапкершілік жүгін өз мойындарымен көтере алуына, техникалық үдерістердің белсенді қатысушысы болуына көмектесу», — деді брифингте өз жұмыстары жайлы жан-жақты мәлімет берген орталық директоры сөзін қорытындылап. Айта кету керек, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының басым бағыттарының бірі – республикамыздың Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі бойынша комитетінің, өңірлердегі жастар мәселелері бойынша басқармалардың және республика Президенті жанындағы жастар саясаты бойынша кеңестің қызметін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ, жастар ұйымдарының қызметіне кешенді кеңестер беру болып табылады.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




