«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға болмайды

Қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға болмайды
ашық дереккөз
Қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға болмайды

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс жұмыстарының дайындық барысымен танысып, егін шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Облыс әкімі алдымен аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі – «Аспан агроға» атбасын бұрды. Қожалық жетекшісі Саха Манатовтың айтуынша, шаруашылықтың 1500 гектар жері бар. Оның 600 гектары өзінің 200 бас мүйізді ірі қарасына арналған жайылым алқабы. Сондай-ақ шаруа қожалығы өз жылыжайында көкөніс өсірумен айналысуда. Қызылша, жүгері, бидай және алма өсіру ісін де жолға қойған. «Аспан агро» – мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасының алғашқы қатысушыларының бірі. Саха Манатов мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігін алға тартып, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын және жыл сайын қызылша өсіру үшін субсидияға қол жеткізіп отырғанын айтты. – Қазіргі 110 гектар жерге қызылша егу жұмыстарын бастап кеттік. Келісім-шарт арқылы «Тараз» ӘКК тұқыммен қамтамасыз етуде. Ол үшін тиісті қаржыны өнімді жинағаннан кейін қайтарамыз, – деді ол.

Шаруашылық басшысы қызылшасын ешқайда өткізе алмай қалам ба деп алаңдайтынын жасырмады. Оған себеп – қызылша өсірушілер мен Меркі қант зауыты арасындағы мәселенің әлі күнге толық шешілмегендігі болып отыр. Облыс әкімімен кездескен басқа да тәтті түбір өсірушілер осы түйткілді көтерді. – Диқандарға қант қызылшасының егіс алқабын кемітуге болмайды. Меркі қант зауытына қатысты мәселе менің жеке бақылауымда. Зауыт басшылығымен арнайы кесте жасалды. Кесте бойынша олар өз берешектерін толық төлеуге тиіс. Сәуір айының соңына дейін бұл мәселе шешілуі керек, – деді Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ аймақ басшысы субсидия көлемінің ұлғайғаны туралы тілге тиек етті. Бұл жаңалық байзақтықтарға жігер сыйлап, шаруалар қызылша өсіруді белсенді түрде жалғастыратындарына сендірді. Олар 250 шаруашылықты қамтитын Облыстың қызылша өсірушілерінің қауымдастығы құрылатынын жеткізді. Б. Сапарбаев жиналғандарға жаңа қант зауыты құрылысы бойынша түрлі нұсқаларды қарауды ұсынды. – Сіздердің кез келген ұсыныстарыңызды қарауға дайынбыз. Бұл орайда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көрсетілетін қолдауларды пайдалануға болады, – деді әкім. Фермерлер минералды тыңайтқыштарға қол жеткізу оңай еместігін алға тартты. Олар тыңайтқыштарды келісімшарт арқылы жергілікті химиялық зауыттардан алуға ниетті екендіктерін, ал ақшаны өнімді өткергеннен кейін қайтарғысы келетіндіктерін жеткізді. Аймақ басшысы бұл мәселені қарастыруға уәде берді. Су мәселесі де шешілмек. Кеше ғана облыс әкімі Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесіп, Шу мен Талас өзендері және мемлекет арасындағы ағынды су жүйелерін бөлу жайын талқылаған болатын. Осы орайда суармалы алқаптар көлемі ұлғаяды деп күтілуде. Алайда ол үшін алдымен су арналарын ретке келтіру маңызды. Бердібек Сапарбаев су арналарын, дренаждық жүйелер мен құрылыстарды қайта жаңғырту барысымен танысты. Ауданда «Түймекент», «Дөңсары», «Өтеген», «Ұзын» ішкі шаруашылық каналдарын қамтитын «Байзақ» магистральды каналы бар. Қазір оларды тазалаумен «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының базасындағы механикалық жасақ айналысуда. Бөгет салынып, су тораптары жөнделуде. Оның жалпы сметалық құны 700 миллион теңгені құрайды. Бердібек Сапарбаев жобалаушы мен техникалық қадағалаушылардың жұмысына наразылық білдіріп, олар ескермеген көп кемшіліктерге көңіл бөлді. – Кейін бөгет жарылып кетпес үшін, қазіргі құрылыс жұмыстары сапалы атқарылу керек. Сіздер өте жауапты іспен айналысып отырсыздар. Жұмыстың бұл кезеңінде ешкім бақылауды қамтамасыз етпейді, – деп атап өтті ол. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевке бұл мәселені мұқият зерттеуді тапсырды. Сапар барысында аймақ басшысы жоспардан тыс Түймекент ауылындағы орта мектепті аралап көрді. Б. Сапарбаев мектептің сыртқы жағдайына назар аударып, ғимараттың ішкі жағдайымен де жіті танысты. Сыныптардағы ескі парталар мен тақталар көзге бірден түседі. Нысанға сексенінші жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ЖСҚ-ның дайын екендігін, биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып сендіруге тырысты. Алайда облыс әкімі ондай жауапқа қанағаттанбайтынын білдіріп, қысқа мерзімде парталар мен тақталарды ретке келтіруді және мектепті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бердібек Сапарбаев: қант қызылшасының егіс алқабын қысқартуға болмайды Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапарымен барып, көктемгі егіс жұмыстарының дайындық барысымен танысып, егін шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады. Облыс әкімі алдымен аудандағы ірі шаруа қожалықтарының бірі "Аспан агро"-ға ат басын бұрды. Қожалық жетекшісі Саха Манатовтың айтуынша, шаруашылықтың 1500 гектар жері бар. Оның 600 гектары өзінің 200 бас мүйізді ірі қарасына арналған жайылым алқабы. Сондай-ақ, шаруа қожалығы өз жылыжайында көкөніс өсірумен айналысуда. Қызылша, жүгері, бидай және алма өсіру ісін де жолға қойған. "Аспан агро" мемлекеттік "Сыбаға" бағдарламасының алғашқы қатысушыларының бірі. Саха Манатов мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігін алға тартып, лизингке ауыл шаруашылығы техникасын және жыл сайын қызылша өсіру үшін субсидияға қол жеткізіп отырғанын айтты. - Қазіргі 110 гектар жерге қызылша отырғызу жұмыстарын бастап кеттік. Келісім шарт арқылы "Тараз" ӘКК тұқыммен қамтамасыз етуде. Ол үшін тиісті қаржыны өнімді жинағаннан кейін қайтарамыз, - деді ол. Шаруашылық басшысы қызылшасын ешқайда өткізе алмай қалам ба деп алаңдайтынын жасырмады. Оған себеп қызылша өсірушілер мен Меркі қант зауыты арасындағы мәселенің әлі күнге толық шешілмегендігі болып отыр. Облыс әкімімен кездескен басқа да тәтті түбір өсірушілер осы түйткілді көтерді. - Диқандарға қант қызылшасының егіс алқабын кемітуге болмайды. Меркі қант зауытына қатысты мәселе менің жеке бақылауымда. Зауыт басшылығымен арнайы кесте жасалды. Кесте бойынша олар өз берешектерін толық төлеуге тиіс. Сәуір айының соңына дейін бұл мәселе шешілуі керек, - деді Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ, аймақ басшысы субсидия көлемінің ұлғайғаны туралы тілге тиек етті. Бұл жаңалық байзақтықтарға жігер сыйлап, шаруалар қызылша өсіруді белсенді түрде жалғастыратындарына сендірді. Олар 250 шаруашылықты қамтитын облыстың қызылша өсірушілерінің қауымдастығы құрылатынын жеткізді. Б. Сапарбаев жиналғандарға жаңа қант зауыты құрылысы бойынша түрлі нұсқаларды қарауды ұсынды. - Сіздердің кез келген ұсыныстарыңызды қарауға дайынбыз. Бұл орайда "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша көрсетілетін қолдауларды пайдалануға болады", - деді әкім. Фермерлер химиялық тыңайтқыштарға қол жеткізу оңай еместігін алған тартты. Олар тыңайтқыштарды келісімшарт арқылы жергілікті химиялық зауыттардан алуға ниетті екендіктерін, ал ақшаны өнімді өткергеннен кейін қайтарғысы келетіндіктерін жеткізді. Аймақ басшысы бұл мәселені қарастыруға уәде берді. Су мәселесі де шешілмек. Кеше ғана облыс әкімі Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен кездесіп, Шу мен Талас өзендері және мемлекет арасындағы ағынды су жүйелерін бөлу жайын талқылаған болатын. Осы орайда суармалы алқаптар көлемі ұлғаяды деп күтілуде. Алайда, ол үшін алдымен су арналарын ретке келтіру маңызды. Бердібек Сапарбаев суару су арналарын, дренаждық жүйелер мен құрылыстарды қайта жаңарту барысымен танысты. Ауданда "Түймекен", "Донсары", "Өтеген", "Узын" ішкі шаруашылық каналдарымен "Байзақ"магистралды каналы бар. Қазіргіт таңда "Қазсушар" РМК тапсырысы бойынша "Orion Construction LTD" компаниясы қалпына келтіру құрылыс жұмыстарымен айналысуда. Бөгет салынып, су тораптары жөнделуде. Оның жалпы сметалық құны 700 миллион теңгені құрайды. Бердібек Сапарбаев жобалаушы мен авторлық және техникалық қадағалаушылардың жұмысына наразылығын білдіріп, олар ескермеген көп кемшіліктерге көңіл бөлді. - Кейін бөгет жарылып кетпес үшін, қазіргі құрылыс жұмыстары сапалы атқарылу керек. Сіздер өте жауапты іспен айналысып отырсыздар. Жұмыстың бұл кезеңінде ешкім бақылауды қамтамасыз етпейді, барлығын өз білгенін істейді, - деп атап өтті ол. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевке бұл мәселені мұқият зерттеуді тапсырды. Сапар барысында аймақ басшысы жоспардан тыс Түймекент ауылындағы орта мектепті аралап көрді. Б. Сапарбаев мектептің сыртқы жағдайына назар аударып, ғимараттың ішкі жағдайымен де жіті танысты. Сыныптардағы ескі парталар мен тақталар көзге бірден түседі. Нысанға сексенінші жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ЖСҚ-ның дайын екендігін, биылғы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтып сендіруге тырысты. Алайда облыс әкімі ондай жауапқа қанағаттанбайтынын білдіріп, қысқа мерзімде парталар мен тақталарды ретке келтіруді және мектепті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар