Қыркүйек айының алғашқы жексенбісі – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай, қалалық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, сала мамандары мен ардагерлері, түрлі мекеме басшылары қатысты. Мұнайлы елімізді шырайлы елге айналдыруға үлес қосып отырған кәсіп иелерін алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков:
– Құрметті мұнай-газ кешені қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ұлттық экономиканың локомотиві болып табылатын, жауапкершілігі мол кешенде атқарып отырған істеріңізге тек табыс тілеймін! Өздеріңіздің еселі еңбектеріңіздің нәтижесінде облысымызда газдандырылған елді мекендер қатары жыл санап артып, ауылдарға ажар кіруде. Ел экономикасын көтеруге бағытталған еңбектеріңіздің орны айрықша. Әрдайым еңбектің өрінен, құрметтің төрінен көріне беріңіздер! – деп құттықтап, бірнеше қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Облыстық мәслихат депутаты Сембек Сейдәзімов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров пен «Амангелді Газ» ЖШС-ның, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ облыстық филиалының, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральды газ құбырлары басқармасы» филиалының басшылары мен өзге де мекеме басшылары сала мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді Құрмет грамоталарымен, естелік белгілермен марапаттады. Жиын соңы көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Суретті түсірген Алтынбек Қартабаев.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




