Облыстық сот пен облыстың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшылықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстың жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қайратбек Еркебаевтың қатысуымен жиын өтті. Онда атқарушылық іс жүргізу сатысындағы қақтығыстар мен дауларды азайту мақсатында ынтымақтастық пен серіктестік туралы құжатқа қол қойды.
Ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында (27-қадам) қойылған міндеттерді орындауға, келісу рәсімдері арқылы сот ісін жүргізу сатысындағы даулар мен жанжалдарды сотқа дейін реттеуге, бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған.
Іс-шара барысында Ж.Рүстембеков елімізде, атап айтқанда, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар аясында, халық арасында татуласу рәсімдерін кеңінен насихаттауға және ілгерілетуге бағытталған шаралар жайын қозғады. Сондай-ақ Рүстем Қауасұлы атқарушылық іс жүргізу сатысында татуластыру рәсімдері комиссиясының жұмысын ұйымдастыру жайына тоқталды. «Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы істер бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр өңірлік соттар – 276, ал ағымдағы жылдың 2 айында 35 іс қарады», – деп атап өтті сот алқасының төрағасы.
Қ.Еркебаевтың айтуынша, сот ісін жүргізу сатысында туындаған қақтығыстарды бітімгершілік рәсімдермен және бейбіт жолмен шешуді, тәжірибе алмасу мен түрлі жобаларды әзірлеу бойынша жоспарланған бірлескен шаралар қоғамдағы қақтығыстарды азайтуға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Татуласу рәсімдері жөніндегі комиссия жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы базасының мекен-жайында, нақты айтқанда, Тараз қаласындағы Көшек батыр көшесіндегі 3-үйдегі16-кеңседе жұмыс істеуде.
Облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді