Күләш АХМЕТОВА, ақын, ҚР Мемлекет тік сыйлығының иегері.
Төріме шығып, төрт түлік малды төлдеткен, Наурызым келді, сағынып едім мен көптен. Еңбекпен алтын бесігін – жерін тербеткен Еліме менің еншісін түгел бер, көктем!
Кеңейте түсіп керемет жарық шеңберін, Ең керім сәтте мейірімін төксе жерге Күн, Көлдерім еріп, байтағым барқыт жамылып, Бәйшешек гүлді көйлегін киер белдерім.
Бораннан босап жырлаған кезде көк орман, Наурызым келіп, жарады бүршік мол арман. Жоғалған заттың қайтуы қиын заманнан Сан алуан гүлмен Наурызым бүгін оралған!
Жылы күн келді, құлпырып дала жас түрмен. Жыл құстарының құйқылжығанын естір ме ең?! Ескірген салттың естісін еске ап, келіндер, Қазан асыңдар, халқымнан қалған дәстүрмен!
Жайнауын қара, жақсылық толы аймағым. Сағынған кезде ауылдың сүтін, айранын, Қаймағын тосып, әкелген әрі сайранын, Ғажап қой менің табиғат берген мейрамым!
Ұқсас жаңалықтар
Филолог, ұстаз – ұлт жанашыры
- 28 сәуір, 2026
Білім беру жүйесінің цифрлық болашағы талқыланды
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




