Тыйым салынған заттардың жолы жабық
Түзеу мекемелеріне жақынымен жолығуға келген әр адамға мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда қандай жауапқа тартылатындығы туралы қатаң ескертілсе де, заңды белшесінен басқысы келетіндердің легі азаяр емес.
Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/1 мекемесінде жазасын өтеуші азаматшаның жеке заттарының ішінен тыйым салынған заттар табылды. Аталған мекеменің режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет сержанты Зағипа Марат сотталған Ж есімді азаматшаның жеке заттарына тексеру жүргізу барысында "Nokia" және "Maxvi" маркалы байланыс құралдары бар екендігі анықталған.
Айта кетейік, түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып өтпекші болған азаматша заң аясында жазаға тартылды.
Құндыз Ахашева,
ЖД-158/1 мекемесінің психологы
Ұқсас жаңалықтар
Таза ауыз сумен 19 елді мекен қамтылды
- 6 желтоқсан, 2025
Масылдық неге дендеп барады?
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




