Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен облыс аумағында «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – пәтер ұрлығын ашудағы тиімділікті жақсарту, қылмыстардың алдын алу, ескерту, жолын кесу, аталған қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау болып табылады. Жедел жағдайды талдау негізінде пәтер ұрлығына аса бейім аудандар анықталып, криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметкерлері қатарынан жедел топтар құрылды. Іс-шара барысында 12 пәтер ұрлығы ашылды. Өңірде биылғы екі айда 123 пәтер ұрлығы тіркелді, бұл былтыр тіркелген 200 деректен 77-ге аз. Жалпы алғанда 38,5 процентке төмендеген. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктеріне аса сақ болуды, тұрғын үйлеріне қатысты қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етуді ескертеді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




