Үкімет отырысында коронавирустың тарауына байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жеке тұлғалар мен кәсіпкерлерге қандай мүмкіндік жасалатынын айтты. Жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде өсімақы есептеуге тыйым салынады. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген кепілсіз тұтыну несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде төтенше жағдай кезеңінде және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз қарызы бойынша 90 күннен астам мерзімін өткізіп алған кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады», – дейді Әбілқасымова. Сонымен қатар ол қазақстан-дықтардың несие тарихын түзеуге мүмкіндігі болатынын айтты. «Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін қарыз алушы үшін 12 ай ішінде мерзімі өткен берешектің 50 проценттен астамын өтеген және кейіннен міндеттемелерді орындаған жағдайда теріс кредиттік тарихты түзету мүмкіндігі қарастырылады», – деді Әбілқасымова.
Ұқсас жаңалықтар
Отбасы бюджеті: жоспарлау, кіріс пен шығысты басқару
- 22 қаңтар, 2026
Ет те көп, сүт те көп
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




