Азық-түлік нарығындағы ахуал тұрақты
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтың қатысуымен «Төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасы, тұрақтандыру қоры, кәсіпкерлік нысандарының жұмыс режімі туралы» өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен онлайн форматта брифинг өтті.
Нұржан Сәбитұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты облыстағы 138 сауда орталығы, 11 ойын-сауық орталығы иелеріне (одан бөлек 163 мейрамхана, 301 кафе, 2871 дүкен, 76 монша, 41 базар) түсіндірме жұмыстары жүргізілуде екен. Кәсіпкерлік нысандарының жұмыс режімі ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, киім-кешек базарларының жұмысын сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін, дәмхана мен мейрамханалардың (қоғамдық тамақтандыру) жұмысын сағат 22.00-ге дейін келушілер саны 50 адамнан аспайтын санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, сондай-ақ қолды тазалауға арналған санитайзерлер орната отырып шектеу қою, сауда орталықтарында, кинотеатрларда, театрларда, көрмелерде, фитнес-орталықтар мен жаттығу залдарында, түнгі клубтарда, кальяндар мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілерде ойын-сауық аймақтарының жұмыс істеуіне тыйым салу арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мектептен тыс қосымша білім беру нысандары да жабылады. «Облыстың азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады», – деді облыс әкімінің орынбасары. Өңірдегі көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларда 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп – 1210 тонна, пияз – 5459 тонна, сәбіз – 7 363 тонна, сүт өнімдері – 675 тонна, қырыққабат – 67 тонна. Сондай-ақ бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар. Бұдан басқа, облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталған. Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Тауарлардың құнын негізсіз өсіру фактілері әлі тіркелмеген. Тұрғындар әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы негізсіз өсу фактілері орын алған жағдайда облыс әкімдігінде құрылған 45-31-24 (жұмыс уақытында) сенім телефонына хабарласуына болады.
– Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің азық-түлік нарығындағы ахуал тұрақты. Облыс аумағындағы сауда орындарында толассыз кезекте тұру жағдайлары тіркелмеген. Тұрғындарды босқа дүрлікпеуге және жалған ақпараттарды таратпауға шақырамыз, – деген Нұржан Календеров, журналистердің онлайн арқылы қойған сауалдарына жауап берді.
Шынар Сағиева
Ұқсас жаңалықтар
Жарқын жобалар – берекелі істің бастауы
- Бүгін, 02:59
Өңір өндірісі еселеп артқан жылдар
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді