Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөз
Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
© Тұрар Қазанғапов Алматыда тағы екі адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында - 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.
Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланды. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID -19 таралу жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар