Төрт тәулікте 29 есірткі қылмысы тіркелді

Төрт тәулікте 29 есірткі қылмысы тіркелді
ашық дереккөз
Төрт тәулікте 29 есірткі қылмысы тіркелді
«Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген төрт тәулікте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының  29 дерегін анықтады. Оның ішінде есірткіні өткізудің – 3, осындай заттарды аса ірі көлемде сақтаудың 2 дерегі тіркеліп отыр. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-3-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық көрсеткен, яғни есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтерін өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалануға қатысты 11 оқиға анықталған. Аталмыш кодекстің 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес, есірткі заттарын, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзған 1 дерек, жалпы,  17 қылмыс орын алыпты. Сонымен қатар 12 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелген. Атап айтқанда, Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сай дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелері сақталмаған – 8, ал 427-баптың 1-бөлігіне қатысты 4 дерек тіркелген.  Бұл дегеніміз есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу фактілері болғандығынан хабар береді. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция  подполковнигі Асхат Алметовтің айтуынша, өңірімізде барлығы 96 дәріхана, 28 қойма, 21 емдеу мекемесі мен 17 кәсіпорын тексерілген.
  • Нәтижесінде, заңсыз айналымнан 35 килограмм марихуана, 5 килограмм
гашиш, 3 грамм героин, 12 килограмм күкірт қышқылының прекурсорлары, 1249 ампула есірткі және психотроптық заттар алынды, – дейді Асхат Аманқұлұлы. Альмира ОМАРОВА

Ұқсас жаңалықтар