Қоғам
Есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2020
- 201
Есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді
Ағымдағы жылдың наурыз айының айының 9-ы мен 18-і күндері аралығында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Пробация қызметі Тараз қалалық ішкі істер басқармасы №1 полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Пробация» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексерді. Тексеріс барысында есепте тұрған сотталғандардың еркін өмірге бейімделуіне, жұмысқа орналасуына және білім алуына Пробация қызметінің қызметкерлері қол ұшын беретіндігі айтылды.
Жалпы, бұл шара ҚР 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында бас бостандығымен айырумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындауға жауап беретін пробация қызметін құру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынуда. Сол себепті, мұнда адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беріледі. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың барлығын орындауы тиіс. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандардың әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік тумақ.
Айта кетейік, қазіргі таңда Тараз қалалық №2 Пробация қызметінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін нақты жұмыстар атқарылуда. Олардың жүріс-тұрысын бақылауға алынып қана қоймай, Пробация қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық және өзге де көмектер көрсетілуде. Себебі, Пробациялық бақылау - істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет.
Жанара АЙТБАЕВА,
Тараз қалалық №2 пробация
қызметінің инспекторы
әділет лейтенанты
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді