- Advertisement -

Бердібек Сапарбаев «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты

48

- Advertisement -

Сенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Жасыл Ел — Тараз» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Кәсіпорын балансында 105 арнайы техника бар. Онда барлығы 680 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын 78 көшеге, 42 саябақ пен скверге қызмет көрсетеді, мыңдаған көпқабатты тұрғын үйлерді қалдықтарын шығарады. Алдағы уақытта 22 бірлік арнайы техника, оның ішінде қоқыс тасығыштар мен самосвалдар және басқа да құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланған.
Компания басшылығымен болған әңгіме барысында Бердібек Сапарбаев кәсіпорынның қызметкерлерінің алдында жалақы бойынша қарыздары бар екендігін, ол туралы әлеуметтік желіге азаматтардан тиісті өтініштер келіп түскенін баса айтты.
ЖШС директоры Сәкен Икрамов белгілі себептермен қаңтар айының жалақысы кешігіп төленгендігін растады. Алайда, бүгінгі күні қызметкерлер алдындағы берешек толық көлемде өтеліпті.
«Ешқандай қарыз болмауы керек. Жұмысшылар жалақыларын уақытылы алуы тиіс. Қала әкімдігі мен еңбек инспекциясы бұл мәселені ерекше бақылауға алып, қажет болған жағдайда қатаң шаралар қолдану керек», — дей келе Бердібек Сапарбаев тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Ағымдағы жылы кәсіпорын аумағы 5 гектар болатын тоғыз жылыжайға ұлғайған. Онда ыстық климатқа төзімді алты түрлі сальвия, тагетес, циния, гвоздика, катарантус, целозия гүлдері егілген.
Өткен жылы ЖШС Таразда 1 миллионға жуық гүл отырғызса, ағымдағы жылы өз жылыжай алаңдарын ұлғайта отырып, 1,8 миллион түп өсімдік отырғызуды жоспарлауда.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет аталған жылыжайларда 8,1 мың шаршы метр аумақта көгал(газон) егілген. Оны өндірудің өзіндік құны 200 теңгені құрап отыр. Бұл бұрын сатып алынған газон құнынан 6 есе төмен.
Сондай-ақ, бұл күні аймақ басшысы саябақтар мен аллеяларды абаттандыру, балалардың ойын алаңдарын орнату, көпшілік демалатын орындарда воркаут спорт алаңшаларын салу жөніндегі жоспарлармен танысты.

Жамбыл облысы әкімдігі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support