Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды
ашық дереккөз
Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны карантинге жатқызылды
Әйелдер арасында теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Ярослава Шведова коронавирусқа байланысты карантинге жатқызылды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Шведова Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келген рейсте вирус жұқтырған жолаушы болған.
"Бәріне карантиннен сәлем! Қазақстанның көптеген тұрғыны 12 наурызда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға рейс туралы, осы рейсте Миланнан коронавируспен ұшқан бір жолаушы болғанын естіген шығар. Мен де сол рейсте болдым - "Индиан-Уэллс" болмай қалғаннан кейін Калифорниядан отбасыма ұшып келгенмін. Көп ұзамай осы рейстегі барлық жолаушы сияқты мені де стационарлық карантинге жатқызды", - деп жазды Шведова. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткен. Оның алтауы - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда.

Ұқсас жаңалықтар