COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі

COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі
ашық дереккөз
COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығы бойынша үй жағдайындағы карантиннің талаптарымен таныс болыңыздар. 1 «B» санатындағы елдерден келген азаматтар 14 күн үй каран­тинін­де болады. Үй карантиніне қойылатын талаптар: 1. Отбасы мүшелерімен байланыста болмайтындай бөлек бөл­ме­нің болуы; 2. Науқас пен отбасы мүше­ле­рі­нің жеке гигиеналық құралдары болуы (кем дегенде қолғап пен бет маскасы) және үйде күтім жасау немесе оқшаулау ретінде ұсы­ныл­ған сақтық шараларын сақтауы (мысалы, тыныс алу гигиенасы және қол алысу, жөтелу әдебі) тиіс; 3. Үйде COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары адамдар болмауы (65 жастан асқан қарттар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммундық жүйе­сі әлсіреген немесе созылмалы жү­рек, өкпе немесе бүйрек аурула­ры бар адамдар); Егер осы талаптарды орындау мүм­кіндігі болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың каран­тин­іне жүгіну керек. Үй карантиніндегі тұлғаға арнал­ған нұсқаулық 1. Үйден шықпаңыз. 2. Жақсы желдетілетін, есігі жабылатын бөлмеде болу. Бөлмеден тек қажет жағдайда, онда да аз уа­қыт­­қа шығуға рұқсат етіледі. Ауыз бен мұрынды тұмшалаған жөн. 3. Вирустың таралуын болдырмас үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік орамалмен немесе білек­тің ішкі қарымен жабыңыз. Қолы­ңыз­ды дереу сабындап жуыңыз немесе спиртті антисептикпен зарар­сыз­дан­дырыңыз. 4. Тамақ ішерден бұрын, сондай-ақ жеке қажетіңізді өтер ал­дын­да, одан кейін де қолы­ңыз­ды са­бын­дап жууды неме­се спирт­ті анти­септикпен залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Беті-қолды сүртуге бір реттік қағаз орамалды қолданған дұрыс. 5. Мүмкін болса жеке әжетхана пайдаланыңыз. 6. Егер жоғары температура немесе тыныс алу жолдарының ауыру белгілері байқалса, иә қан­дай да бір медициналық мәселе туындаса, байланыс орталығына (1406 нөміріне) хабарласыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Карантин туралы хабарлап, себе­бін көрсетіңіз. Үй карантині кезіндегі отба­сы мүшелеріне арналған нұс­қау­­лық 1. Оқшауланған бөлмеге отбасы мүшелерінің кіріп-шыққанын азайтқан жөн. Дұрысы созылмалы ауруы жоқ, дені сау бір адам жа­уапты болғаны абзал. 2. Үйге қонақ шақырмаңыз. 3. Үйдегі адамдар қолын жиі жуып тұруы шарт. 4. Ортақ қолданылатын ас үй мен дәретхана сынды орындардың жақ­­сы желдетілуін назарда ұста­ңыз. 5. Оқшауланған бөлмеге кірерде маска киюіңіз керек. Егер маска ыл­ғалданып, иә кірлеп кетсе, дереу таза, құрғақ маскамен ауыс­тырыңыз. Масканы арнаулы әдіс­пен шешіңіз, яғни алдыңғы бөлігін ұстамауды ескеріңіз. Артынша дереу қолыңызды жуыңыз. 6. Оқшауланған адаммен араласу кезінде, көрпе-төсек, киім-кешек, өзге де заттарын ұстауда бір реттік қолғапты пайдаланыңыз. 7. Оқшауланған бөлмені күн­де­лік­ті тазалаңыз және зарар­сыз­дан­ды­рыңыз. 8. Карантиндегі адамның кір-қоңы жуылмастан бұрын, оқшау­лан­ған бөлмедегі арнайы сөмкеде сақталуы керек. Кір жууға әдеттегі кір жуғыш ұнтақты пайдалануға бо­лады. 9. Вирус тасымалдайтын тіс щет­касы, темекі, ыдыс-аяқ, сүлгі, төсек-орын сынды тұрмыстық заттарды карантиндегі адаммен ортақ пай­да­ланудан аулақ болыңыз. Ыдыс-аяқтарды қолданыстағы ыдыс жуғыш құралдармен таза­лау­ға болады. «Egemen Qazaqstan» 12 наурыз, 2020 жыл.

Ұқсас жаңалықтар