- Advertisement -

Митинг өткізу мәдениеті қалыптасуы тиіс

92

- Advertisement -

Қазіргі кезде қоғамда бейбіт митингілер, шерулер өткізу тәртібі туралы қызу талқыланып жатқан белгілі. Көпшіліктің өз талабын жеткізу жолы екіжақты талап арқылы нақты айқындалуы керек.
Көптеген шет мемлекеттердің заңдарында митинг және өзге де қоғамдық үн қатулар кезінде жол-көлік оқиғаларына жол бермеу, жол қозғалысына кедергі келтірмеу қажеттігі туралы нақты көрсетілген. Ал сондай қауіп туындауы мүмкін болған жағдайда акция өткізетін орынды ауыстыру жолы қарастырылған.
Алайда митингке арандатушылардың жиналуына, олардың құқық қорғау органдарының құрылымдарына күш қолдануына, жұртты соған шақыруға жол бермеу қажет. Мұндай пиғылы бұзық жандар қаланың шеру өткізуге рұқсат бермеген жерінде топтасқан адамдарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырған полиция іс-әрекетін өз «пайдасына» жаратуы мүмкін. Олар көпшілікті тура осындай орындарға баруға үндеп, тәртіп сақшылар жиналғандарды таратпақ болса, оны күш қолдану әрекеті деп көрсетуге ұмтылады. Ең бастысы, оны әлеуметтік желі арқылы таратып, елді дүрліктіруге тырысады.
Жалпы қандай жағдайда да, митингке балалар мен қарияларды, аяғы ауыр әйелдерді тарту – барып тұрған арандатушылық. Әсіресе арандатушылар жасөспірімдерді азғыруға тырысады. Өйткені оң мен солын танымаған жеткіншектерге мұндай шерулерге қатысудың өзі ағаттық. Себебі қоғамдық тыныштықты бұзуды көздегендер құқық қорғау органдары шара қолдануға көшсе, солардың тасасына тығылуға ұмтылады да, кейін бұл жағдайды көзге шұқып көрсетіп, шу шығарады.
Мемлекет басшысы бейбіт шерулер белгіленген орындарда өткізілуі керек екенін және оларды өткізу сипаты туралы айтқан болатын. Түптеп келгенде барлық мәселе елдің тыныштығын сақтау, ана мен баланың, жұрттың амандығында. Көпшілік өз талабын басқарушы органдарға жеткізуге құқылы, бірақ бәрі бейбіт түрде өтуі тиіс.
Митинг өткізудің де, кез келген қоғамдық шараларды ұйымдастырудың да өз мәдениеті қалыптасуы керек.

Сара МӘДИЕВА,
облыстық мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасы басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support