- Advertisement -

ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫМДАРҒА ДЕС БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК

127

- Advertisement -

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» кіші жобасы бойынша жұмыстар жалғасу үстінде. Солардың бірі облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен Сарыкемер ауылындағы Байзақ колледжінде және аудандық кітапханада өтті.
Студенттермен және оқырмандармен өткен басқосуда жат ағымдардың ұрпақ тәрбиесіне кері әсері мен дәстүрлі діннің қазіргі ахуалы сөз болды. Сонымен қатар бүгінде күрделі тақырыпқа айналған дін саласының проблемаларын айшықтайтын «Алтыншы бекет» көркем фильмі көрсетілді. «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» кіші жобасын жүзеге асыру аясында қолға алынған шараға жүзден астам адам қатысты. Бұл басқосулар азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алуды мақсат етеді. Осындай іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз», – дейді жобаның ұйымдастырушысы Ақжол Мінкенов. Ол өз сөзінде жастарды отансүйгіштікке баулудың маңыздылығын айтып, оларды дәстүрлі емес діни ағымдарға кетпеуге үндеді.
Осындай тақырыптағы жиын Сарыкемер орта мектебінде және аудандық орталық емханада да ұйымдастырылды. Онда белгілі теолог, аудармашы Құдайберді Бағашар «Азаматтардың деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Сондай-ақ қатысушыларға арнайы парақшалар таратылды.

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support