- Advertisement -

ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАП ОТЫРАДЫ

51

- Advertisement -

Биылғы ақпан айында шетел валютасының әкелінуі, экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуы және бюджетке кепілдік берілген трансферттер үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында теңге нығая түсті.
Бүгінгі күні ғаламдық және валюталық нарықтарда ахуалдың нашарлауы байқалуда. СOVID-19 коронавирусының таралуы және ОПЕК пен ОПЕК+ елдерінің мұнайды өндіруді азайту туралы келісімге келе алмауы әлем экономикасының баяулау тәуекелдерін үдетуде.
2020 жылғы 6 наурыздан бері мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 50 доллардан 35 долларға дейін немесе 30 проценттен аса төмендеді. Дамушы елдер нарығының валюталары, соның ішінде Қазақстанның сауда серіктестерінің валюталары әлсіреуде.
Сыртқы сектор тарапынан өскен тәуекелдер аясында баға тұрақтылығын қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық Банк өз мандаты шеңберінде кезектен тыс отырыста ағымдағы жылғы 10 наурыздан бастап базалық ставканы және проценттік дәлізді +/-1,5 процент жылдық 12 процентке дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Базалық ставканы арттыру макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға жағдай жасайды және сыртқы сектордың ішкі бағаларға және долларизация теріс әсерінің алдын алады.
Сондай-ақ сыртқы жағдайларды ескере отырып, Ұлттық Банк 2020 жылғы 10 наурызда валюталық нарықтағы ахуалды тұрақтандыру үшін валюталық интервенциялар жүргізді.
Бірінші рет «Қазақстан қор биржасы» АҚ валюталық сауда-саттығында франкфурттік аукцион тәсілі жандандырылды. Бұл инструмент биржамен Ұлттық Банк бірлесе отырып, негізсіз құбылмалылықты болдырмау үшін құрастырылған болатын.
Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін ұстанатынын растайды, алайда жағдайдың тұрақсыздануына жол бермейді және валюталық нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отырады.
Ұлттық Банк әлемдік экономикадағы және халықаралық нарықтағы жағдайдың дамуын мұқият бақылауда және қажет болған жағдайда Қазақстанның қаржы нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдауға дайын.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support