М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті Оксана Письменная қол күресінен әлем біріншілігі мен Азия және ел чемпионатында атой салған білекті қыз. Ол – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оксананың есімі Тараздағы «Даңқты спортшылар алаңына» қашалып жазылған. Оксананың жеңісті жорығы толастаған емес. Ол өзінің кәсіби спортшы ретіндегі мансабында талай биікті бағындырды. Алдымен 2016 жылы Болгарияда өткен әлем біріншілігінде асболютті салмақта жасөспірімдер арасында алтын жүлде иегері атанды. Сондай-ақ ересектер арасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Оның есімі Венгрияда өткен әлемдік аламанда әйгілі армреслинг шебері Ирина Макееваны ұтқандығымен де танымалдыққа ие болды. Бұл чемпионатта біздің студентіміз 80 килограмм салмақ дәрежесінде топ жарған болатын. Түркиядағы жаһандық додада да, Швецияда, Швейцарияда, Ресейде, Польшада өткен халықаралық жарыстарда да Оксана жеңістің биік тұғырынан көріне білді. Белгілі бапкер Виталий Трубиннен тәлім алған Оксана Письменная өзінің қайтпас-қайсар мінезімен талайды таңғалдырып жүр. Жанарында жасын ойнаған Оксананың әлі де талай биікті бағындыратыны сөзсіз.
Жанар Бекбергенова, М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз»
- 30 сәуір, 2026
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




