«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Соколовтар отбасы

Соколовтар отбасы
ашық дереккөз
Соколовтар отбасы

Қырық жылдан астам бейбітшілік пен келісімде бірге өмір сүру деген не? Отбасылық жылу мен сүйіспеншілікті қалай сақтауға болады? Бұл туралы Жаңатас қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Николай мен Ольга Соколовтардың шаңырағына барып көп сауалға жауап табуға болады. Олар студент шақтарында сонау жетпісінші жылдары танысып, бас қосты. Содан бері қырық үш жыл уақыт бірге. Николай Иванович – беларусь, Ольга Михайловна – украин ұлтының өкілі. Олардың қонақжай шаңырағы қонақтарды әрдайым қазақша ет асып қарсы алады. Бүгінде Соколовтардың қызы Тамара мен ұлы Михаилдан бес немересі бар. Әр жаз сайын олардың отбасы немерелерінің қуанышы мен шат күлкісіне бөленіп жатады. Үлкен шаңырақта жиі бас қосып, беларусь, украин, орыс және қазақ тілдерінде ән айтады. Соколовтар отбасы үшін – достық пен төзімділік деген бос сөз емес. Олар уақытында өз балаларын, енді немерелерін қоғамның әрбір мүшесін бағалау мен құрметтеуге үйретеді. Николай Иванович пен Ольга Михайловна үшін – отбасы мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы. Олар бірге өздерінің шағын отбасылық бизнесін жүргізуде. Зейнет жасына келсе де қол қусырып қарап отырмайтын жұп жиһаз сатумен айналысады. Жайнаған бау-бақшасындағы жеміс ағаштары, құстарды күтіп-баптау оларға шабыт сыйлайтыны анық. Күнделікті кеште олар ертеңгі күнге арналған жоспарларын талқылай отырып, бүгінгі әсерлерімен бөліседі. Біз осы Соколовтар отбасымен көп жылдан бері тату-тәтті көршілерміз. Соколовтар отбасындағы жоғары адамгершілік қасиеттер әрқашан да айналасы үшін үлгі.

Жанна Жетенова, журналист.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар