- Advertisement -

Гүл сыйлап қуантқан көп ананы

75

- Advertisement -

Тосынсыйды сүймейтін сұлу жоқ. Ал ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялататын көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында олардың қайсысы болса да құрметке лайық.
Осынау мерекеде қыз-келіншектерді қуанту мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық «Жібек жолы» еріктілер қозғалысы мен жергілікті полиция департаменті бірлесіп «Гүл сыйла» атты ерекше акция ұйымдастырды.
Екі күнге жоспарланған іс-шара алдымен Тараз қаласындағы Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінен бастау алып, Қазақстан темір жол бекеті, «Жастар» аллеясы және «Жеңіс», Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақтарда жалғасын тапты. Бұл күні ешбір саланың мамандары тасада қалған жоқ. Соның ішінде қоғамдық орындарды тазалаушы нәзік жандыларымыз Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мен еріктілеріміздің құрметіне ие болды. Жол патрульдік инспекторлары көлігін тоқтатқан әйел азаматтары да айыппұл қағазын емес, гүл шоғын көргенде таңданыстарын жасыра алмады.
Акция барысында сондай-ақ еріктілер қоғамдық көліктерде ән шырқап, музыкалық аспаптарда ойнап, қала тұрғындарының көңілін көтерді.
Көтеріңкі көңіл күй сыйлап, тосынсыйға толы болған екі күндік іс-шара соңында ұйымдастырушылар әлемдегі бар жақсылық бастау алатын әйелдер қауымының ризашылығына бөленіп тарқасты.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support