Замира туралы үзік сыр

Замира туралы үзік сыр
ашық дереккөз
Замира туралы үзік сыр
Корпорация құндылықтарының бірі, ол білікті маман қалыптастырып жұмыс сапасын жақсарту болып табылады. Бүгінгі әңгімеміз сондай білікті маман, Азаматтарға арналған Үкімет МК КЕАҚ, Жамбыл облысы филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №1 бөлімінің маманы Замира Зулинова туралы болмақ. Замира Күзенбайқызы 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ленинск (Қазығұрт) ауылында дүниеге келген. 1979 жылы орта мектепті бітіріп, Талдықорған қаласындағы Заң және құқықтану техникумына оқуға түсіп, 1981 жылы заңгер мамандығын алып шығады. Содан соң жоғары білім алуды көздеген Замира 2003-2006 жылдар аралығында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде білімін жалғастрып, жоғарғы білімді экономист мамандығына қол жеткізеді. 1983-1985 жылдар аралығында Жамбыл облыстық атқару комитетінің юстиция бөлімінде нотариус қызметін атқарса, 1989-1993 жылдарда мемлекеттік сақтандыру бөлімінде, аға құқықтық кеңесші болып қызмет істеді. Іскерлік пен отбасы құңдылығын ұштастыра білген Замира Күзенбайқызы сүттей ұйыған отбасының иесі. Өкінішке орай, ішкі істер саласында қызмет еткен отағасы Еркінжан Зулинов 1999 жылы жарық дүниемен қош айтысыпты. «Шаңырағымда өсіп келе жатқан Зухра, Батыржан, Насиба, Әділ атты екі ұл, екі қызымды өсіріп, жеткізу маған оңай соққан жоқ. Сонда да сенімім мен жігерімді жанып, тырыстым, күшімді сарқыдым. Алтын асықтай балаларымды аяқтандырып, жоғарғы білімге жеткізіп, көздеген мақсаттарына жол салып бердім», дейді кейіпкеріміз, бүгінде жеке отбасын құрып кеткен балапандарынан немере сүйіп отырған ардақты Әже. Халыққа сапалы қызмет көрсете білген З.Күзенбайқызы бірнеше мәрте басшылық құрамның алғыс хаттарымен, филиал директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. Кейіпкеріміздің тағы бір ерекшелігі сол, ұжымдағы қоғамдық жұмыстар мен айтулы іс-шараларға белсене араласып, әрдайым өзгеге үлгі болып жүреді. Еркін ЖАПАРОВ, Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар