Билл Гейтс коронавируспен күреске $100 млн бөлді

Билл Гейтс коронавируспен күреске $100 млн бөлді
ашық дереккөз
Билл Гейтс коронавируспен күреске $100 млн бөлді
Кәсіпкер әлемдік миллиардерлерді де ақша бөлуге шақырды Билл Гейтс мемлекет пен миллиардерлерді коронавируспен күреске миллиардтаған ақша салуға шақырды. Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирус әлем қауіптенген жаһандық індет болуы мүмкін деп отыр. Ол мемлекет пеп бизнес өкілдерін аталған аурумен күреске миллиардтаған қаржы жұмсауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Forbes.ru. сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ол «New England Journal of Medicine» журналына берген сұхбатында айтып, жеке блогында да жазды. Гейтстің сөзінше, денсаулық саласындағы әлемдік сарапшылар бірнеше жыл бұрын 1918 жылғы испандық тұмауға тең келетін эпидемия тарайтынын ескерткен. Сол себепті Гейтс пен оның жары Мелинданың қайырымдылық қоры мұндай сценарийге дайын болу үшін көп қаражат бөлген.
«Бұл проблемамен қатар біз ағымдағы дағдарысқа тап болып отырмыз.  Өткен апта COVID-19 біз қауіптенгендей сирек кездесетін патогенге ұқсады», — деп атап өтті Гейтс.
Гейтс коронавирустың қауіп тудыруына екі себеп бар деп санайды. Біріншіден, одан дені сау, ересек адамдар да өліп кетуі мүмкін. Бірақ өлім жағдайы әзірге 1% ғана құрап отыр. Екіншіден, ауру өте жеңіл тарайды, тіпті жұқтырған адамдарда ашық белгілері болмауы да мүмкін. Бұл да вирустың тез таралуына ықпал етеді, дейді миллиардер. Коронавирус пандемиясына сынамалы екпе ойлап табу үшін мемлекет пен бизнес миллиардтаған доллар бөлуі тиіс. Оның сөзінше, бұл «экономикалық аурудың» әлемдік нарықтың құлдырауына әкеп жатқанын ескере отырып, масштабты инвестицияны келісім ретінде қарауға болады. Гейтс пандемияға екпе мен вирусқа қарсы дәрілер табылса, олар бірінші кезекте қарапайым халыққа қолжетімді болады.
«Мұндай шараны көшбасшылар қазір қолданулары тиіс. Уақыт жоғалтуға болмайды»,-дейді Гейтс.
Ақпан айының басында Билл Гейтс пен оның әйелінің қоры коронавируспен күреске 100 миллион долларға дейін бөлетіндерін мәлімдеді. Бұған дейін қайырымдылық ұйымы 10 миллион доллар ғана бөлмек боп отырған. Жоспар бойынша 20 миллион доллар ауырған адамдардың күтіміне, тағы 20 миллион оңтүстік Азия мен Африка елдерінің денсаулық саласына, ал 60 миллион доллар екпе жасауға жұмсалады. Гейтс 2015-ші жылдың өзінде, Вашингтон штатындағы эпидемиологиялық институттың зерттеуіне сүйене отырып, 1918 жылғы тұмауға тең келердей эпидемия тараса, жарты жылда жер бетінде 33 миллион адам өлуі мүмкін екенін айтқан болатын.

azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар