«Один дома» фильмі астаналық жас өнертапқышты шабыттандырады

«Один дома» фильмі астаналық жас өнертапқышты шабыттандырады
ашық дереккөз
«Один дома» фильмі астаналық жас өнертапқышты шабыттандырады
Ғылым мен өнер тоғысқан «STEM» фестивалі
Нұр-Сұлтанда дәстүрлі STEM фестивалі өтті. Оған елордадығы IT технологияларға басымдық беретін бірнеше мектептің оқушылары қатысты. Олар 20-ға жуық инновациялық жобаларды таныстырды. «STEM» деп айдар таққан фестивалдің маңызы неде? Бұл мектептегі оқудың  жаңа  әдістемесі.  Әлемдік білім беру саласындағы негізгі тренд. Яғни ғылым, математика, технология, инженерия, биология мен физиканы бір жоба аясында дамыту. «STEM»: science, technology, engineering and mathematics деген сөздердің аббревиатурасы. «Мирас» Халықаралық мектебінің командасы балықтардың көмегімен органикалық өнім алу тәсілін ұсынды. Яғни, топырақсыз. Оқушылардың айтуынша, бұл шаруалардың жұмысын жеңілдетеді. Әрі еш қоспасыз табиғи таза өнім алуға болады.  /> <blockquote>«Аквариумде балықтар. Олар қалдықтарды шығарады. Қалдықта аммиак, микро және макро элементтер бар. Солармен араласқан су трубка арқылы өсімдіктерге келеді. Бұл элементтер тыңайтқыш орнына қолданылады. Яғни өсімдіктер  ешқандай химикатсыз  тыңайтқышпен өседі. Нәтижесінде органикалық өнім алуға болады», - дейді «Мирас» Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы Әсел Әділбекқызы.</blockquote> Ал, 66 мектеп-лицей командасы жарылғыш затты іздейтін машина ойлап тапқан. Олар мұны әскери мақсатта қолдануға болатынын айтады. Жас стартаперлер жобаны жүзеге асыратын болса, әр машинаны құрастыруға шамамен 6 мың доллар қажет екенін есептеп қойған. Олар жобаны іске асыру үшін, инвестор іздеуді ойластырады. <img src=azattyq-ruhy.kz

Ұқсас жаңалықтар