Кейбір адамдар өмір бойы жеңіл ақша табу жолында жүрсе, енді біреулері оған уақыт өте келіп жатады. Заң мен моральдық нормалардан аттай отырып, әртүрлі тәсілдермен баюға болады, олардың бірін О. Бахриденова пайдаланбақшы болған еді. Бірде оған Қазақстан аумағына шетелдіктерді заңсыз кіргізумен айналысу ойына келеді. О. Бахриденова осы бағытта белсенді түрде жұмыс істей бастайды. Біраз іздестіргеннен кейін ол ақпараттық технология мен электрондық-цифрлық қолтаңба бағыты бойынша білімі бар В. Жанғазинмен танысады. Одан әрі электрондық үкімет порталы арқылы іске қатысы жоқ адамдарға жалған фирмалар тіркеп отырады. Көп ақшаға деген құштарлық, сондай-ақ өз-өзіне деген сенімділік О. Бахриденоваға барлық тәуекелдерді есептеуге мұрша бермейді. Ал заңсыз көші-қон болса ҰҚК жедел уәкілдерінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Кезекті тексерулер барысында ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкері осы саламен айналысатын басқа компаниялармен салыстырғанда мақұлданған визаларының саны біршама ерекше ұйымға көңіл аударады. Фирманы белгілі бір аңызбен тексеру туралы шешім қабылданады, оның барысында жедел уәкіл жеке үйге тап болады, бірақ бұл ғимаратта ешқандай кеңсе жоқ екені және болуы мүмкін емес екені бірден байқалады. Үй қожайынынан сұрау алу да шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізу бойынша ықтимал алаяқтық жолын көрсетті. Осы фактілер мен белгілердің барлығы жедел зерттеу жүргізу үшін негіз болып, ол 2017 жылғы қазанда басталды. Атыраудың тұрғыны О. Бахриденова тергеу көрсеткендей, 6 жалған компанияның мүдделерін білдіре отырып, Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасындағы өзінің қылмыстық байланыстары арқылы 429 шетелдікке іскерлік арнасы бойынша қолдаухатты заңсыз келіскен. Алайда бұл айсбергтің үстіңгі бөлігі ғана, бірақ шетелдіктерді заңсыз шақырумен айналысатын қылмыстық қоғамдастық ақырының басы болатын. О. Бахриденованы зерттеу барысында ҰҚК Атырау департаментінің қызметкерлері елордада орналасқан тағы бір қылмыстық топты анықтайды. Алаяқтар компанияларды тіркеу үшін О. Бахриденова сияқты заңсыз жолмен алынған электрондық-цифрлық қолтаңбаларды пайдаланған. Одан әрі жалған кәсіпорындардың әрекетін заңды етіп көрсету үшін жалған сенімхаттар дайындалып, олар бұрынғы нотариустың қалпына келтірілген, кейіннен Нұр-Сұлтандағы әрекеттегі нотариустарының мөрлерімен расталған. Мөрлерді жалған сенімхаттардың көмегімен полиграфиялық компанияларда жасаған. Одан әрі жалған ұйымдар атынан Қытайда және Қырғыз республикасында тіркелген фирмалармен қызмет көрсетуге жалған шарттар жасалып, олар да нотариустарда түпнұсқаларды көрсетпестен расталған. Жалған шарттар негізінде шетелдік азаматтарға шақыру хаттар ресімделіп отырған.
3726 іскерлік және 274 жұмыс визасы, 26 фигурант, Қазақстанда, Қырғыз Республикасында және Қытайда 48 кәсіпорын, қылмыстық әрекеттен түскен табыс 1 300000 АҚШ долларынан артық соманы құрады.
Қылмыстық топты ҚХР азаматы Чиу Тонгкун мен Нұр-Сұлтан тұрғыны Э. Нұрханова басқарған. Сонымен екі пысық азаматтың одағы 2014-2016 жылдар аралығында шетелдегі консулдық қызметтердегі сыбайластары арқылы шетелдіктерге 2000-нан аса шақыру ресімдеуге мүмкіндік берген. 2017 жылы қаңтарда виза берудің жаңа қағидаларының енуіне қарамастан, араны ашылған теріс пиғылдылар тоқтай алмады. Визалық қолдауды кедергісіз келісу туралы алдын ала уағдаластық бар көші-қон қызметінің басқармасында өңірлерде жалған кәсіпорындарды тіркеудің жаңа тәсілдері пайда болды. Теріс пиғылдылардың заңсыз әрекетінің ауқымы, жүйелілігі, қылмыстық байланыстары ҰҚК жедел уәкілдерін таңғалдырды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Көкшетау және Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Қырғыз бен Қытайда тіркелген 48 жалған кәсіпорынды анықтады. Бұдан басқа, қылмыстық топқа Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері жәрдем көрсеткен. ҰҚК Атырау облысы бойынша қызметкерлері күдіктілердің кінәларына жеткілікті дәлелдер жинап, оларды ұстау туралы шешім қабылдайды да, оны бір мезгілде еліміздің бірнеше өңірінде жүргізеді. Операция алаяқтар мен «қолы таза емес» мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілді. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, оларды 2019 жылғы ақпан мен қазанда сот кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімдерге бостандықтарынан айыру мен шектеуге, сондай-ақ ақшалай айыппұлдарға үкім шығарды. Осы қылмысқа қатысқан ҚХР-дың екі азаматы және ҚР-ның бір азаматы халықаралық іздестіруде, тағы үш адамға қатысты тергеу іс-қимылдары жалғасуда. ҰҚК-нің осы операциясы қызмет бабы бойынша көші-қон мәселесімен байланысты мемлекеттік органдардың өкілдеріне оң ықпал еткен сияқты. Енді тек осындай арналардың көмегімен елімізге әтүрлі қылмыстық элементтерді, террористер мен басқа да қылмыскерлердің өтіп кетпейтініне сену ғана қалады. Дегенмен көп жағдайда жүйелі түрде қарау қажет. Заңды тұлғаларды тіркеуді және көші-қон қызметінің жұмысын регламенттейтін заң актілерін қайта қарау керек. Электрондық үкімет порталында заңды тұлғаларды қағаз жүзінде тіркеу, нотариустардың өз уәкілеттіктерін теріс пайдалану мәселелері ашық түрде қалып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті іске асырған операциялар бұдан да көп сұрақ туындатты. Бірақ ол басқа мемлекеттік органдарға қойылмақ.
«Аq jol - Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді